Жаңалықтар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 50 ҰЛТТЫҢ ТАҒАМЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

Павлодар облысында тұңғыш рет өңірдің барлық этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен ұлттық тағамдар фестивалі өтті.
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 50 ҰЛТТЫҢ ТАҒАМЫ ДАЙЫНДАЛДЫ
25.12.2018 12:23 3805

Павлодар облысында тұңғыш рет өңірдің барлық этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен ұлттық тағамдар фестивалі өтті.

Іс-шараны Павлодар қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы ұйымдастырды.

Ауқымды фестиваль екі жүзге жуық адам жинады. Облыстық ассамблеяның 26 этномәдени бірлестігі 50-ден астам ұлттық тағам түрлерін ұсынды. Қонақтар украиндық қайнақшаларын, өзбек палауын, орыс бәліштерін, кавказ кәуаптарының және басқа да ұлттық тағамдардың дәмін татты.

Сонымен қатар облыстық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары ұлттық ән-биімен өнер көрсетті.

Фестиваль қатысушыларын облыстық Мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова құттықтап, ұлттық тағамдар ұлттық мәдениеттің бір бөлігіне айналғанын атап өтті.

«Кез-келген халықтың ұлттық тағамдарының тарихы бар. Ұлттық тағамдар тарихы – бұл халық тарихы. Осындайда Сұлтан Сүлейменнің сөздері еске түседі. Одан «Сіз басқа діннің адамдарына неге игі ниетпен қарайсыз?» деп сұрапты. Сонда ол былай деп жауап берген екен: «Гүлзардағы бір ғана өсімдікті және мөлшерін ғана жақсы көріп қоймау керек, оның алуан түрлілігі қызықты». Міне, біздің елімізде де халықтардың сан алуандығы бар», – деді облыстық Мәслихаттың хатшысы.

Сондай-ақ қала әкімі Әнуар Күмпекеев, облыстық ассамблеяның ақсақалдары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының басшылары жиналған қауымды құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға