Жаңалықтар

Павлодар облысында 49 шақырым болатын жылу желілері қайта жаңартылып жатыр

Павлодар облысында 49 шақырым болатын жылу желілері қайта жаңартылып жатыр
Фото: instagram.com/asaiyn.baikhan 27.06.2023 10:42 704

Бұл туралы Үкімет отырысында Павлодар облысының әкімі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Павлодар қаласындағы үшінші жылу электр орталығы мен Екібастұз ЖЭО-да жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқандығы туралы облыс әкімі Асайын Байханов баяндады.

Әкімнің айтуынша, Екібастұз жылу электр орталығындағы шатырдың бір бөлігінің құлауы №6 және №7 қазандықтардың арасында болған көрінеді.

Адамдар мен жабдықтар зардап шекпеді. Қазіргі уақытта ғимараттардың жай-күйіне техникалық тексеріс жүргізіліп, актілер жасалынды. Бетон элементтерін жөндеу және ауыстыру жұмыстары басталды. Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында №6 және №7 қазандықтарда жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылған еді. Сол себепті қазандықтарды жөндеу мерзімі 10 күнге ұзартылды, – деді ол.

Жоспарға сәйкес №7 қазандық 10 шілдеде және №6 қазандық 18 тамызда дайын болмақ. Ол қалған қазандықтарда жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге байланысты жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Облыс әкімінің сөзінше, алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінің негізгі жабдығының 40 бірлігіне жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Яғни 49,1 шақырым болатын жылу желілерін қайта жаңарту және 43 шақырым болатын сумен жабдықтау және су бұру желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға