Павлодар облысында 40 ауыл жарықсыз отыр

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
19.11.2023 23:30
1094
Ауа райының қолайсыздығынан үйлердің шатырын ұшырып әкетіп жатыр. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 және 19 қарашада дауылдың салдарынан болған оқиғалар тіркелді.
– Қазіргі кезде желден 42 ғимараттың шатыры құлады. Жүз елді мекенде электр қуаты өшіп қалды. Жарықты әзірге алпыс ауылда ғана қосты, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінде.
Ал Павлодарда, куәгерлердің айтуынша, Мәшһүр Жүсіп пен Кривенко, Торайғыров көшелерінің қиылысында бағдаршам желмен құлап түсті. Дауылдың салдарынан көліктер де зардап шекті – оларға ағаштар, шатырлар құлаған.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді