Жаңалықтар

Павлодар облысы онкологиялық аурулар көрсеткіші бойынша үшінші орында тұр

Павлодар облысы онкологиялық аурулар көрсеткіші бойынша үшінші орында тұр
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 12.07.2023 13:40 1398

Биыл Павлодар облысының экономикасына 235 миллиард теңге инвестиция тартылды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артқан. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тартылған инвестицияның 84 пайызы жеке инвестициялардың қаражаты. Жалпы көлемі 2 триллион теңгеден астам ауқымды 13 инвестициялық жоба қолға алынды. Нәтижесінде 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген, - деді әкім.

Павлодар облысы ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуы бойынша елдегі көшбасшы облыстардың қатарына кіріп отыр. Олардың жалпы көлемі 2022 жылы 727 мың тоннаға жуық болған. Осы жылдың бірінші тоқсанында облыс бойынша инвестиция көлемі өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда шамамен 1 пайызға немесе 1,8 тоннаға қысқарды.

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар Асайын Қуандықұлы Павлодар облысындағы экологиялық мәселелер аймақтың денсаулық сақтау жүйесін күшейтуге мәжбүр еткенін атап өтті.

Біздің өңір, өкінішке қарай, онкологиялық аурулар бойынша үшінші орында. Осыған орай бұрын болмаған жаңа жабдықты қолданып, ерте диагностиканы кеңейту есебінен онкологиялық науқастардың 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 51 пайыздан 57 пайызға дейін арттырылды, - деді Асайын Байханов.

Сондай-ақ биыл 16 денсаулық сақтау нысанын жөндеу мен жаңартуға 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Ал 2024 жылдың наурыз айында облыс орталығындағы №1 қалалық аурухананың ауқымды жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға