Жаңалықтар

Павлодар мен Семей арасындағы тасжолда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Павлодар мен Семей арасындағы тасжолда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 19.07.2023 23:20 888

Павлодар мен Семейді жалғап жатқан М-38 тасжолында жол қозғалысы қауіпсіздігі шаралары күшейтілді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар М-38 «Павлодар-Семей»  күре жолының Павлодар қаласындағы саяжай шағын ауданынан Байдала ауылына дейінгі жол аралығын абаттандырып, қауіпсіздік шараларын күшейтті. 

Жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатымен мамандар жаңа жарықдиодты шамдарды, арнайы тосқауыл қоршаулары мен жол белгілерін орнатты. Сонымен қатар алғаш рет "қауіпсіздік аралдары" да пайда болды. 

Жақын маңда орналасқан елді мекен тұрғындарының ыңғайлылығы үшін Кенжекөл ауылына кіреберісте жаңа көлік айрығы салынды. 

Сондай-ақ жаңа санитарлық-гигиеналық торап орнатылды. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр осы учаскеде қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, жол бөлігі пайдалануға берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға