Жаңалықтар

Павел Колмаков фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді

Павел Колмаков фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді
Фото: ҚР ҰОК 07.02.2025 11:45 82

Фристайл-могулдан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков Дир-Вэллиде (АҚШ) өткен Әлем кубогының кезеңінде екінші орынға ие болды. Бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спортшы жекелей могулда жоғары нәтиже көрсетіп, финалда 84,95 ұпай жинап, күміс медальмен жарысты аяқтады.

Алтын медаль жапониялық Икума Хоришимаға бұйырды – 86,24 ұпай. Үшінші орынды француз Бенджамин Каве 83,82 ұпаймен иеленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға