Пауло Коэльоның қойын дәптерінен алынған жазбалар
04.08.2014 04:48
3581
Пауло Коэльо 1947 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында, инженер отбасында дүниеге келеді. Ол әлемдегі ең көп оқылатын, сүйікті жазушылардың бірі. 2007 жылы БҰҰ-ның Бейбітшілік елшісі атанады. Оның кітаптары әлемнің 80 тіліне аударылған. Төменде Коэльо шығармаларынан алынған дәйексөздерді ұсынамыз.
-
Егер сен бір нәрсені қаласың, бүкіл әлем оның орындалуына себепші болады
-
Көпшілік адам ақиқат деп санайтын дүние, ақиқатқа айналады
-
Бір орында тұрған қойма суындай емес, ағып-тасып тұрған сарқырамадай бол
-
Өлім туралы ой әрі қарай өмір сүруге деген құлшынысты оятады
-
Сәби ересек адамды үш нәрсеге үйрете алады: ешқандай себепсіз қуана білуге, өзіне сүйікті іс тауып алуға және өз дегенінен қайтпауға
-
Ең мықты жауынгер – өз дұшпанын досына айналдыра білген жауынгер
-
Бір рет болған жағдай, енді ешқашан да қайталанбауы мүмкін, бірақ екі рет орын алған жай міндетті түрде үшінші рет болады.
-
Адамзат баласы ойлап тапқан қарулардың ішіндегі ең жойқыны –сөз
-
Кейін жастық шағым бос өтіп кетті деп өкінбес үшін әрбір сәтті пайдалан. Жаратушы пендесіне кез-келген жаста да сынақтар жіберіп отырады
-
Арманның орындалуына бір нәрсе ғана кедергі, ол – сәтсіздік туралы қорқыныш, қалғандары себеп
-
«Мен сені сүйемін», деп айтқан адам ғана «Мен сені кешірем» деп айта алады
-
Мен әйелмін, сондықтан өз сезімімді бақылай алмаймын
-
Біздің өміріміз бас-аяғына дейін саяхат. Терезедегі пейзаж, жаныңыздағы адамдар мен қажеттіліктеріңіз өзгереді, ал пойыз әрі қарай жүйткіп кете бермек. Өмір – станция емес, пойыз
-
Әрдайым өзіңнің нені қалайтыныңды нақты білу керек
-
Олар өздерін қалыпты адамдармыз деп ойлайды, өйткені бәрінің әрекеттері бірдей
-
Еркектер өз басымдылығын сезінуден ерекше ляззат алады, бірақ көптеген жайдайда өз қылықтарының күні бұрын белгілі болатынын ұға бермейді
-
Кейде, өз үйіңнің ауласында қандай қазына көмулі тұрғанын түсіну үшін, бүкіл әлемді шарлап шығу керек
-
Жеңіске сенген кезде, сен жеңесің, өйткені жеңіс саған сенеді
-
Күн сайын Жаратушы бізге өзімізді бақытсыз ететін сәттерді өзгертуге мүмкіндік береді, бірақ біз күнде оны елемеген боламыз
-
Есалаң болып қала беріңіз, бірақ сырт көзге өзіңізді қалыпты адамдай ұстаңыз
-
Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде бәрі астан-кестен болып жатқанда сенімен кімнің қалатынын білу үшін, қате шешім қабылдауың керек.
-
Ешқашан да ұмытпа – сен азатсың, өз эмоцияңды шығару ұят емес
-
Әрбір шайқас бізді бір нәрсеге үйретеді
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
У Вас есть сайт? Бизнес?
Келесі жаңалық
Қазақстандықтар қыркүйекте 163,9 мың көлік сатып алған