Патриотизмнің түп қазығы – ел бірлігі
Бүгінде егемен еліміздің іргесі берік қаланып, әлем мойындаған мемлекеттер қатарынан орын алдық. Осы жетістікке – еңсесі биік, ой-өрісі кең халқымыз бен іскер де көреген Президентіміздің кемел саясатының нәтижесінде қол жеткіздік. Мемлекет басшысының ұтқыр ұстанымдары ішкі саясатта ел экономикасының қарыштап дамуына, халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсаруына жеткізсе, сыртқы саясатта Тәуелсіздігіміздің қауіпсіздігін нығайтуға негіз болды.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы көпэтносты халықты ынтымақ-бірлікке шақырып, еліміздің экономикасын дамыту бағдарламаларын іске асыруға біріге жұмылуына ұйытқы болып, барлық этностық топтардың келешегіне сенім бере білді.
«Қазақстандық патриотизмнің іргетасы – бұл барлық азаматтардың тең құқықтығы және ортақ Отанымыздың ар-намысы жолындағы жалпы жауапкершілігі», – дейді Елбасы.
Осындағы қазақстандық патриотизм жолында еліміздің даңқын асырып, ортақ Отанымыздың ар-намысы жолында барлық жауапкершілікті көтеріп, Олимпиадалық ойындарда жеңімпаз болғандарды – нағыз патриоттар деп білеміз. Мысалы, осы жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен ХVІІ жазғы Азия ойындары біз үшін табысты аяқталды. Еліміздің патриоттары құраманың қоржынын 28 алтын, 23 күміс және 33 қоламен толтырды. Олар кімдер дейсіздер ғой? Олар – қазақтармен қатар, жұдырықтай жүрегі «Отаным – Қазақстан!» деп соғатын түрлі этнос өкілдерінен тұратын патриоттар – орыстар, ұйғырлар, тәжіктер, поляктар, өзбектер...:
«Алтын»: Маргарита Елисеева (ауыр атлетика), Дмитрий Баландин (жүзу), Ольга Довгун (ату), Алексей Луценко (велоспорт), Евгений Алексеев, Алексей Дергунов, Михаил және Тимофей Емельяновтар, Наталья Сергеева, Ирина Подойникова, Инна Клинова (байдарка және каноэ), Маргарита Мукашева, Ольга Сафронова, Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Андрей Ақтауов, Гузаль Гафурова (каратэ), Антон Пинчук, Иван Дычко (бокс);
«Күміс»: Зульфия Чиншанло, Мария Грабовецкая (ауыр атлетика), Максим Раков (дзюдо), Екатерина Руденко (жүзу), Светлана Германович, Мария Васильева (академиялық ескек есу), Ришат Ливеншо (ушу), Расул Қалиев, Гюзель Манюрова (еркін күрес), Наталья Сергеева, Сергей Емельянов, Евгений Алексеев, Алексей Дергунов (ескек есу, байдарка және каноэ), Екатерина Хуповец (каратэ);
«Қола»: Александра және Екатерина Немич (синхронды жүзу), Андрей Могилевский (стендтік ату), Ленария Мингазова, Мариян Ордабаева (дзюдо), Екатерина Артемьева, Виктория Чепикова, Татьяна Аманжол, Мамед Ибрагимов (еркін күрес), Ольга Сафронова, Ирина Эктова (жеңіл атлетика), Юрий Березинцев (ескек есу байдарка және каноэ), Марина Вольнова (бокс), Халид Халидов (каратэ).
Қазақстан құрамасы барлығы 84 медаль жеңіп алып, жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады. Ел құрамасы өз тарихында ең үздік көрсеткішке қол жеткізіп, жаңа рекорд орнатты. Осылайша корей елінде 28 рет байрағымыз биікке көтеріліп, әнұран орындалды. Қалай болғанда да, бұл Қазақстанның қарыштап дамуының да, жаңа қазақстандық патриотизмнің де түп қазығы – ел бірлігі екендігінің белгісі.
Ботагөз Икрамова