Жаңалықтар

Пәтерде су жануарларын өндіру зертханасын ұйымдастырған екі қытайлық ұсталды

Пәтерде су жануарларын өндіру зертханасын ұйымдастырған екі қытайлық ұсталды
Фото: Видеодан алынған кадр 21.09.2023 11:00 654

Қытай азаматтары пәтерде су жануарларын өндіру зертханасын ұйымдастырған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, олар Қазақстанға жаздың ортасында келген.

Екі Қытай азаматы Усол шағын ауданындағы жалдамалы пәтерде елден әкетуге тыйым салынған су жануарларын өндіру бойынша зертхана ұйымдастырды деген күдікке ілінді, - делінген мәліметте.

Тәртіп сақшылары қоңыр түсті ұнтақ пакеттер, түтіктер мен сұйықтықтары бар шыны аквариум тапқан. Қытай азаматтары үй жағдайында жануарларды қалай өндіргенін және оны қайда шығарғанын айтқан.

ҚР ҚК 335-бабы 1-тармағының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға