Пәтер бағасы бір жылда 41% дейін қымбаттаған

Бір жылда елімізде пәтерді қайта сату бағасы 13%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 14%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтепе жасап.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғы тиісті айға қарағанда 33,8%-ға артты.
Ақпаратқа сәйкес, республика бойынша жаңа үйлер нарығында баға бір жылда Ақтөбе (25,4%) және Ақтауда (25,2%) айтарлықтай қымбаттаған.
“Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көш басында Семей (41%), Қызылорда (39,9%), Ақтөбе (36,9%), Ақтау (35,4%), Қостанай (30,9%) қалалары тұр. Тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7%), Қостанай (51,9%), Алматы (49,6%) және Петропавл (49,3%) қалаларында тіркелді”, - делінген хабарламада.
