Жаңалықтар

Партияны тазалау жөніндегі Губерниялық комиссияға (Аудандық комиссия арқылы) РКП мүшесі Ахмет Байтұрсынұлынан ӨТІНІШ

Партияны тазалау жөніндегі Губерниялық комиссияға (Аудандық комиссия арқылы) РКП мүшесі Ахмет Байтұрсынұлынан ӨТІНІШ
28.08.2014 06:38 2727

Қырғыз-қазақ халық ағарту комиссариатының комму- нистік ұясының хатшысы партияны тазалау жөніндегі аудан- дық комиссияның қаулысы бойынша менің партиядан шыға- рылғанымды мəлімдеді. Маған жеткізілген хабарға қарағанда, менің шығарылуыма, біріншіден, партия жиылыстарына қатыспағандығым, екіншіден, мүшелік жарнаны уақытысымен төлемегендігім жəне үшіншіден, менің Алашорда ұйымына қатысқандығым болса керек.

Маған қойылып отырған бұл айыптардың қайсысынан бол- сын мен бас тартпаймын.

Қазақстандағы Кеңес үкіметі өмірінің үш жылы ішінде РКП ұйымдарының қазақтар арасында жүргізген жұмысының қай саласын алсақ та ешқандай алға жылжушылық болмады. Неге осылай болды? Жұмысқа кедергі жасаған не? Бұл сауалды ешкім де өзіне қоймады жəне ешкім де бұл туралы байыппен ой жүгіртіп көрген емес.

Жаңа шындықты түсіну үшін секунд де жетіп жатады, ал оған бой үйретуге, оны игеріп кетуге ондаған жылдар аздық етеді. Жеке адамның немесе қоғам тіршілігі қағидаларының орташа дəрежесіне азды-көпті сай келетін ақиқаттар мен идея- лар ғана біршама жеңіл қабылданып, меңгеріліп кете алады. Көптеген утопистердің экономикалық жоспарларының іске асыру үстінде сəтсіздікке ұшырауы – олардың мəн-мағынасы- ның жоқтығынан емес, өз заманының жағдайына сəйкес келмегендігінен жүзеге аспай қалды, өйткені адамдар санасын- да айтарлықтай даярлығы бар негіз таба алмауының салдары болды.

Қашан да болса теория жедел түрде алға басады да, прак- тика болса баяу жылжиды, өмір жалқаулана сүйретіліп, үнемі артта қалады да, алысқа ұзап озып кеткен ғылым сəулесін əрең сезінеді. Адам еркіне ұзақ уақыт бойы əсер еткен сезімдер оның жанына өте терең еніп, дағдыға, салтқа айналады да, со- дан соң іргетасын қиратып, тірегін шайқаса да өзінің орнын қорғай береді.

Біздің алдымызда білім жағынан артта қалған, сезім тұрғысынан қарағанда өзінің əдет-ғұрпына берік батқан, со- нымен бірге жедел түрде даму қажеттігін сезінген, əр кезеңде прогресс (өрлеу) дөңгелегіне жармасатын қазақ халқы  тұр. Бұл халықта əдеби кітаптар ғана емес, өзінің ана тіліндегі оқулықтары да жоқ, яғни қандай болса да мəдени-ағарту жұмысын бастауға негіз боларлық басты құралдың өзі жоқ...

Негізінде қазақтар арасында саяси-ағартушылық, үгіт- насихаттық, партиялық жəне əр түрлі басқа да жұмыстарды жүргізу қажеттілігі мойындалып, бұл үшін бір қатар ұйымдар мен мекемелер құрылған болатын. Аталған жұмыстар қазақ арасында жүргізіліп отыр ма? – Жоқ. Қазақтар ортасындағы жұмыстың ең қарапайым түрі – кітапханалар мен оқу үйлерін ашудың өзі мүмкін болмай отыр. Қазақ тілінде əдеби кітаптарды шығармай тұрып, қазақтарға кітапханалар мен оқу үйлерін ашамыз деудің өзі күлкілі жайт болып табылады.

Қазақтар үшін де, жалпы алғанда қараңғы қалың бұқара үшін де коммунизм идеясы, Гейненің сөзімен айтқанда «шақы- рылмаған бөтен қонақ». Халық бұқарасының саналылық жағынан алғанда мешеулігі, ал сезім жағынан түрлі тереңірек өзгерістерге деген бейімсіздігі көпке белгілі шындық. Ком- мунизм идеясы қазақтарға тез арада қонбайды. Біз оны «атты əскер шабуылымен» енгізе алмаймыз, біз оны ұзаққа созыла- тын қатаң жүйелі ісіміз арқылы орнықтыра аламыз. Ал бұл үшін ешқандай қолайлы алғы шарттары болмаса да, шапшаң түрде табысқа жетеміз деп сенетін жолдастар қатты қателеседі. Қазақ өлкесінің кең байтақтығы, тұрғын халықтың шашыран- ды орналасуы себепті, темір жолдардың жоқтығы жəне басқа да  қатынас  құралдары  мен  байланыстың  қиыншылықтары, қазақтар арасында қандай да болмасын жұмысты тез қарқынмен жүргіземін деп, əсіресе үгіт-насихат жəне мəдени-ағарту жұмыстарын жүргіземін деп армандаудың артық екендігін көрсетеді.

"Ел - шежіре"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға