Жаңалықтар

Партия саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді

Партия саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді
Фото: Amanat 07.02.2023 11:23 1179

Саяси кеңестің жаңа мүшелері сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кезектен тыс XXV Съездің күн тәртібіне үш мәселе қойылды.

Партия саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Осыған орай, Ұлытау және Жетісу облыстарының әкімдерін шығару туралы мәселе ұсынылды. Сондай-ақ, жаңа облыстардың құрылғанын ескере отырып, барлық аймақтардың өкілдерін қамтамасыз ету үшін саяси кеңестің құрамына партияның Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғожаевтың және Абай облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменовты, партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаевты енгізу ұсынылды. Бір ауыздан қолдап, дауыс берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға