Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Республикалық сайлауалды штабының кеңсесінде «Ашық есік күні»өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР Парламенті Мәжілісінің ЖСҚД-дан партиялық тізім бойынша депутаттығына кандидаттар Асхат Рахымжанов, Нұрлан Аязбаев, Талғат Омаров және Мақсат Насибулов азаматтардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара барысында кандидаттар жиналғандарға өздерінің сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелері туралы айтып берді.
Сондай-ақ, «ашық есік күні» аясында қазақстандық тәуелсіз дәріханалар қауымдастығы басшы Раушан Әубәкірова атынан ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжановқа алғыс хат табыс етілді.
Бүгін «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Жамбыл облысының сайлаушыларымен кездесті.
Штаб мүшелері алдымен Қаратау қаласының жұртшылығымен жүздесіп, оған 200-ден астам адам қатысты. Мұндағы тұрғындарды жұмыссыздық, тозығы жеткен коммуналдық инфрақұрылым, тұрғын үй қымбатшылығы және медицина қызметкерлерінің тапшылығы мәселелері толғандырады.
Ерлан Қошанов партияның басты міндетінің бірі – Үкімет назарын тек ірі қалалар мен Астанаға ғана емес, өңірлерге аудару екенін айтты.
«Көпшілік қазақстандықтар үшін тұрғын үй сатып алу мәселесі қиындай түсті. Жоғары пайыздық мөлшерлеме мен инфляция айтарлықтай кедергі келтіріп жатыр. Біздің күш-жігеріміз қала мен ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Яғни, отандастарымыз тұрғын үймен және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі тиіс», – деді партия Төрағасы.