Жаңалықтар

Партия өкілдері сайлаушылардың сұрағына жауап берді

Партия өкілдері сайлаушылардың сұрағына жауап берді
Фото: elements.envato.com 16.03.2023 21:42 762

Партия өкілдерді арасында өткен пікірсайыстың екінші турының екінші кезеңінде «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев сайлаушының «Сіз нақты қай ауылдың әл-ауқатын жақсартуға күш салдыңыз?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Біз ауылдан шықтық. Саналы өмірімді ауыл шаруашылығына арнаған азаматпын, көп жылдар бойы шаруашылық басқардым. Өздеріңізге мәлім 1950 ауыл картадан жойылып кетті. Ол үлкен қателік. Сондықтан әрбір ауылдың санына қарамай, адами факторды бірінші кезекке қойып, ауылға жағдай жасау, ауыл шаруашылығын көтеру үшін қызмет етуіміз керек. «Ауыл» партиясының алдына қойған міндеттері мен сайлауалды жоспары бар. Егер оның бәрін жүзеге асыратын болсақ, онда ауыл көркейеді. Ауылдың жағдайы жақсармай, ешқашан да мемлекеттің жағдайы жақсармайды. Біз Қазақстан халқы жақсы тіршілікке талпынуымыз керек», - деді Жигули Молдахалықұлы.

Қостанай қаласының тұрғыны Қуат Баймулдин «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» мүшесі Нұрлан Әуесбаевқа өз сауалын жолдады.

«Сіздер өздеріңізді оппозициялық бағытта көрсетесіздер. Дегенмен партияның атауы сайлау науқаны кезінде ғана және тек соңғы уақытта естіліп жүр. Осыған дейін қайда болдыңыздар?» деп әлеуметтік желі арқылы сұрақ қойды.

«Біздің партия - оппозициялық партия. Бағдарламамызды көрсеңіздер 2012 жылдан бері түрлі ұстанымымыз бар. жалпы опозиция дегеніміз не? Адамның өзіндік көзқарасы. Үйде жатып алып, пікір білдіргендер оппозиция болып саналмайды. Қазір біз Еуропадағы оппозициялық мәдениетті ң үлгілерін өзімізге ендіруіміз керек. Яғни, заңның аясында жұмыс істеуіміз керек. Біз адамдарды көшеге қантөгіске шықсын деп шақырмаймыз. Заңның аясында қатал талап етеміз және біздің өз көзқарасымыз бар. біз сол көзқарас бойынша нақты ұсыныстар жасаймыз. Біз сайлауға не үшін бара жатырмыз? Біз Парламентте өз көзқарасымызда жаңа лепті енгізіп,оны қозғаушы күш боламыз. Сондықтан парламентке барып халықтың ойында жүрген терең мәселелрді көтереміз. Біз оппозиция ретінде оны сыңап қана қоймай, шешу жолдарын айтып және оны жүзеге асырамыз», - деді «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» мүшесі Нұрлан Әуесбаев.

«Ақ жол» партиясына Нұрдаулет Бекбергенов «Сіздің партияңыздың негізі кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Бірақ Қазақстанда орта тап өкілдерінің саны артты деу қиын. «Ақ жол» партиясы еліміздегі бизнесті дамыту үшін нақты қандай шаралар атқарды?» деп сұрақ қойды.

«Ақ жол» партиясы Парламентте жұмыс атқарып, бірталай нақты-нақты шешімдерге ұйытқы болды. Біздің партиямыз Парламенттегі көпшілік жағынан кедергі көріп отыр. Бірақ соған қарамастан біраз нәрселерге қол жеткізді. Мысалы, «Жалған кәсіпкерлік деген» Қылмыстық кодексте бап болды. Соны алып тастадық. Біз он екі жыл бойы түрлі салаларға салық ставкасын сол салалардағы табысына сай болуы керек десек, Үкімет соған қарсы болды. 12 жыл бойы қарсы болды. Тек қана былтырғы жылғы Жолдауында Президент Тоқаев сондай тапсырма берді. Бұйырса жаңа Салық кодексіне оны енгіземіз», - деді Азат Перуашев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға