Партия өкілдері арасында өтетін пікірсайысқа кімдер қатысады

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
01.03.2023 14:09
1070
«Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде партия өкілдері арасында пікірсайыс өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пікірсайысқа сайлауға түсетін 7 партия өкілі қатысады:
- «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев,
- «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев,
- «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау,
- Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков,
- «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев,
- «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов,
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев.
Тікелей эфир уақыты: бүгін 20:30-да. Пікірсайыс «Qazaqstan» телеарнасының You Tube, Facebook және Telrgram-арналары арқылы да тікелей трансляцияланады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бір жылда пияз бағасы 100 % қымбаттаған