Парламент сайлауы: Грузияда наразылық акциясы аяқталды

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
29.10.2024 07:28
395
Тбилисидегі парламенттік сайлау нәтижелеріне қарсы наразылық акциясы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оппозиция басшылары алдағы жоспарлары туралы кейінірек хабарлайтынын айтты. Олардың жақтастары Еуропалық одақ пен Грузия әнұрандарын орындап болғаннан кейін тарай бастаған.
АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің басшысы Мэттью Миллер ел үкіметі бағытын өзгертпесе, Грузия үшін оның салдары ауыр болатынын айтып қорқытты. Ал Ресей Федерациясының СІМ басшысы Сергей Лавров Ресей Грузия билігімен байланысын жалғастыра беретінін мәлімдеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ТЖМ қызметкерлері тұрғын үй секторында рейдтер жүргізді
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті