Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Мәжілісте Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашық деп жариялады.
Сенаттан 45 депутат, Мәжілістен 89 депутат қатысты.
Күн тәртібі – сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті екінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы.
Бірлескен отырысқа ҚР премьер-министрі, Мемлекеттік кеңесші, Президент әкімшілігінің басшысы, Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың, Жоғарғы сот кеңесінің, Орталық сайлау комиссияларының төрағалары, Үкімет мүшелері, Республика президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің басшылары және Президент әкімшілігінің, Үкімет аппаратының, Парламент палаталары аппаратының жауапты қызметкерлері қатысып отыр.