Жаңалықтар

Парламент елордаға Астана атауын қайтарды

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң қабылдады 
Парламент елордаға Астана атауын қайтарды
Фото: el.kz 16.09.2022 11:10 1113

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады, деп хабарлайды EL.kz.

Айта кетейік, ҚР Әділет министрі Қанат Мусин ұсынған Заң жобасы бес бапқа өзгерістер енгізуді және бір баппен толықтыруды көздейді.

Сонымен, біріншіден, Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге Президент болып сайлаған адамдарға қолданылады.

Екіншіден, Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан Астана болып өзгереді.

Үшіншіден, Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қоя отырып, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 8 жылға дейін ұлғайтылады.

Конституцияға енгізілетін өзгерістерді Сенаттың 50 депутатының 50-і, Мәжілістің 99 депутатының 98-і қолдап дауыс берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға