Жаңалықтар

Парижге аттанған маңғыстаулық велошабандоз сапарын қайтадан жалғастырды

Парижге аттанған маңғыстаулық велошабандоз сапарын қайтадан жалғастырды
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі 17.06.2024 23:18 736

Париждегі жазғы олимпиадаға велосипедпен аттанған маңғыстаулық Раббим Борашев 1 айлық үзілістен соң, сапарын жұбайы Айзада Борашевамен бірге қайтадан жалғастырды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі өңірлік қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта туристер Түркия елінің Хопа қаласына жетіп үлгерді. Веложорығын 4 мамыр күні  бастап, 1 айға уақытша тоқтатқан Раббим Борашев сол уақыт аралықта қандай жұмыспен айналысқанын баяндап берді.

18-23 мамырда III Ұлы Дала жорығына, маусым айының 6-8 аралығында Сүгір Бегендікұлының 130 жылдық мерейтойына қатыстым. Ал, қазір Түркия елінің Хопа қаласындағы қонақ үйдің біріне келіп орналастық, - деді Раббим Борашев.

Еске салайық, Париж жазғы олимпиадасының басталуына 41 күн қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға