Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Алматыға келді

Фото: baq.kz/Ақтолқын Ғалымғазықызы
Фото: baq.kz/Ақтолқын Ғалымғазықызы
07.08.2024 09:40
758
Тарихи жүлде алған мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле мен гимнаст Нариман Құрбанов Алматыға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы тұрғындары мен БАҚ өкілдері спортшылар мен бапкерлерді сән-салтанатпен күтіп алды.
Айта кетейік, 27 шілде күні Александра Ле мен Ислам Сәтбаев 10 метрден нысана көздеуден аралас командалық сында қола жүлде жеңіп алған еді.
Ал Нариман Құрбанов 3 тамызда тұтқалы ат жаттығуының ақтық кезеңінде 15,433 ұпай жинап, күміс медаль еншіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан әскері қандай жаңа техникамен қамтамасыз етілді
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды