Париж олимпиадасында 8 дзюдошымыз жүлдеге таласады
Дзюдодан 2022 жылдың 24 маусымынан басталған әлемдік іріктеу кезеңі толыққанды аяқталды. Нәтижесінде 2 жыл бойы бозкілемде белдесіп, жоғары ұпай жинаған 8 жерлесіміз Париж төрінде жүлдесуге таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Рио және Токио Олимпиадасына 6 спортшымыз барған болатын. Жалпы 14 салмақ бойынша әлемнің 105 мемлекетінен 355 спортшы Олимпиадада өнер көрсетеді. Тек Франция мен Жапония ғана барлық салмақта бақ сынайды.
Франция — 14 салмақ
Жапония — 14 салмақ
Қазақстан — 8 салмақ
Ерлер
60 келі. Елдос Сметов
66 келі. Ғұсман Қырғызбаев
73 келі. Данияр Шамшаев
81 келі. Абылайхан Жұбаназар
100 келі. Нұрлыхан Шархан
Әйелдер
48 келі. Абиба Абужақынова
+78 келі. Камила Берліқаш
Аралас командалық сайыс 63 келі. Эсмигул Куюлова