Жаңалықтар

Париж олимпиадасы: Қазақстан үшін қандай ерекшеліктері бар?

Париж олимпиадасы: Қазақстан үшін қандай ерекшеліктері бар?
Фото: ҚР ҰОК 25.06.2024 08:28 650

Туризм және министрлігі биылғы Париж Олимпиада ойындары Қазақстан үшін несімен ерекше екеніне сарап жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1. Қазақстан 8-мәрте жазғы Олимпиадаға қатысып және Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды.

2. Әзірше Қазақстаннан 70 спортшыда 80 лицензия бар.

3. 45 спортшы бірінші рет жазғы Олимпиадаға қатысады.

4. Ең көп 10 боксшымыз Олимпиада жүлдесіне таласады.

5. Париж Олимпиадасына баратындардың ішінде ең тәжірибелісі — 31 жастағы Владислав Яковлев (академиялық ескек есу). Бұл спортшы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасынан бері тұрақты түрде қатысып келеді.

6. Париж Олимпиадасына баратындардың арасынан бұған дейін жүлде алғандар:

Сәкен Бибосынов — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

Қамшыбек Қоңқабаев —  Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

7. Ең көп жүлде иегері:

Елдос Сметов — Рио және Токио Олимпиадасының жүлдегері

8. Ең жас спортшы — 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (таеквондо)

9. Ең егде спортшы — 37 жастағы Эльмир Әлімжанов (семсерлесу)

Олимпиаданың іріктеу кезеңдері әлі мәресіне жетпеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға