Париж-2024: Вадим Шарлаимов семсерлесуден 1/16 финалға шықты

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
28.07.2024 13:24
775
Спорттың семсерлесу түрінен қазақстандық спортшы Вадим Шарлаимов Париж Олимпиадасының 1/16 финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Семсерлесуден сапы жаттығуы бойынша ерлер арасындағы жеке сайыста Вадим Шарлаимов бірінші кездесуінде Оңтүстік Африка Республикасының спортшысы Харри Санерді 15:9 есебімен жеңді.
Отандасымыздың келесі қарсыласы — 5 дүркін әлем чемпионы Янник Борель (Франция).
Бөлісу:

Келесі жаңалық
ТЖМ қызметкерлері құдыққа түсіп кеткен итті құтқарды