Париж-2024: таеквондошы Жансель Дениз жолдамаға талас жолында жеңіліп қалды
Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
16.03.2024 20:36
864
Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз Қытайдың Тайань қаласындағы лицензиялық турнирде жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, 67 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финал жекпе-жегінде Жансель Дениз тәжікстандық Мунира Абдусоломоваға жол берді.
Осылайша, таеквондодан Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарына екі жолдама иеленді.
Төртжылдық додасында Самирхон Абабакиров (58 келі) пен Батырхан Төлеуғали (80 келі) ел намысын қорғайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті