Жаңалықтар

Париж-2024: Қазақстан жалпы медальдар кестесінде 41-орынға түсті

Париж-2024: Қазақстан жалпы медальдар кестесінде 41-орынға түсті
Фото: ҰОК//Сали Сабиров 11.08.2024 09:15 1733

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде төмен сырғып барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нақтырақ айтсақ, әзірге Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы есепте 41-орынға түсті.

Ал көш басын Қытай құрамасы бастап тұр. Олардың еншісінде әзірге 39 алтын, 27 күміс, 24 қола медаль бар.

Екінші орынға 38 алтын, 42 күміс, 42 қола медаль жеңіп алған АҚШ құрамасы иелік етіп жатыр. Үздік үштікті әзірге Аустралия құрамасы түйіндеп тұр. Олардың еншісінде 18 алтын, 18 күміс, 14 қола (41) медаль бар.

Төртінші орында жапондықтар келе жатыр. Олар 18 алтын, 12 күміс, 13 қола жүлде жеңіп алған. Ал жарыс қожайындары Франция құрамасы әзірге үздік бестікті түйіндеп тұр. Олардың 16 алтын, 24 күміс, 22 қола жүлде бар.

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға