Жаңалықтар

Париж-2024: Қазақстан медаль есебі бойынша қай сатыға жайғасты

Париж-2024: Қазақстан медаль есебі бойынша қай сатыға жайғасты
Фото: ҚР ҰОК/Тұрар Қазанғапов 08.08.2024 11:00 7239

Парижде ХХХIII жазғы Олимпиада ойындары аяқталуға жақын. Әзірге Қазақстан құрамасы жеті медальмен 28-орынға жайғасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрама еншісінде бір алтын, үш күміс және үш қола медаль бар.

Екінші алтын арман болып жүргенде, АҚШ 27 жоғары сұрыпты жүлдеге қол жеткізді. Бұдан бөлек 35 күміс және 32 қола медаль бар. Осылайша, олар 94 медальмен көш басында тұр.

Екінші орынға Қытай жайғасқан – 65 (25, 23, 17), алғашқы үштікті Австралия қорытындылады – 41 (18, 12, 11).

Айта кетейік, 7 тамызда Қазақстан қоржыны екі күміс медальмен толықты. Алдымен грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев, сонан соң боксшы Нұрбек Оралбай финалда қарсыласына есе жіберді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға