Париж-2024: Назым Қызайбай жартылай финалға шықты

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
03.08.2024 20:36
1113
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түсіп жатқан Қызайбай ширек финалда колумбиялық Валенсия Лорена Ингритпен жұдырықтасқан болатын.
Тартысты жекпе-жектің алғашқы екі раундында төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Назымға берді.
Жалпы есепте Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті.
Финал жолдамасы үшін таласта Қызайбай қытайлық Ву Юмен жұдырықтасады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы талқыланды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді