Париж-2024: Назым Қызайбай ширек финалға шықты

Фото: Turizm_jane_sport_ministrligi
Фото: Turizm_jane_sport_ministrligi
01.08.2024 19:00
1074
Бокстан Ұлттық құрама спортшысы Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия) айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төрешілер есебі: 5-0.
Қазақ қызы енді ширек финалда Колумбия боксшысымен кездеседі.
Айта кетейік, Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштіктен көрінген. Одан өзге отандасымыз - Азия чемпионы. Ол Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында тізе бүктірген Каролайн Барбоза - былтыр Панамерика ойындарының жеңімпазы.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Биыл қазақстандықтардың саны қанша мыңға артты
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді