Париж-2024: Әлішер Ерғали ширек финалға өтті
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі
10.08.2024 15:39
1036
Еркін күрестен Ұлттық құрама балуаны Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде мысырлық Мостафа Әл-Елсайед Элдерсті жеңді. Төрешілер шешімімен есеп: 6-2, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
97 келі салмақта белдескен отандасымыз ширек финалға жолдама алды.
Қазақстандық спортшы ширек финалда әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) немесе Әмір Әли Азарпирамен (Иран) күш сынасады.
Әлішер үшін бұл - екінші Олимпиада. Ол Токиодағы ойындарда алжирлік балуанды ұтып, ширек финалға шыққанымен, кейін аса тартысты белдесуде қарсыласына есе жіберген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде «10 жасыл күн» республикалық челленджі басталды
Келесі жаңалық
Алдағы күндері 23 градус аяз күтіледі