Жаңалықтар

Паралимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылар Парижге аттанды

Паралимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылар Парижге аттанды
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 22.08.2024 17:16 347

Паралимпиадаға қатысатын спортшыларымыздың алғашқы легі Парижге аттанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу құрамаларының спортшылары Францияға жол тартты.

Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатыспақ. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды. Пара жүзу спортшылары арасында Лондон-2012 Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері Сиязбек Дәлиев пен Амир Мұратбеков бар, – делінген хабарламада.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың тоғыз түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға