Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды

Париж Паралимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Франция астанасында өткен XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпаздары – Ақмарал Науатбек (пара дзюдо) пен Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг), күміс жүлдегерлер – Ерғали Шәмей (пара дзюдо) мен Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу), қола медаль иегерлері – Даяна Федосова (пара дзюдо), Зарина Райфова (пара дзюдо), Жұрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо) және басқа да спорт түрлеріндегі ұлттық құрама спортшыларын Астана әуежайынан қарсы алды.
Айта кетейік, 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өткен байрақты бәсекеде ұлттық құрама спортшылары 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 39-орынға тұрақтады.
