Паралимпиада: Нұрлан Домбаев қоладан қол үзді

Фото: csp-parasport.kz
Фото: csp-parasport.kz
01.09.2024 00:09
790
80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде К44 класында күрескен Нұрлан Домбаев Паралимпиада ойындарында қоладан қол үзді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық спортшы қола медаль үшін жекпе-жекте оңтүстік кореялық спортшы Джу Джонхунға (Joo Jeonghun) 1:7 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.
Бұған дейін Нұрлан Домбаев ширек финалда ирандық спортшы Алиреза Бахтқа 2:3 есебімен есе жіберіп, жұбаныш жекпе-жегінде Коста-Рика өкілі Молина Андресті 18:5 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 9 қыркүйекке дейін жалғасады. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар. Оны Еркін Ғаббасов 10 м винтовкамен пара нысана көздеуден жеңіп алды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді