Жаңалықтар

Паралимпиада чемпионы 51 жасында ЖОО дипломын алды

Паралимпиада чемпионы 51 жасында ЖОО дипломын алды
Фото: gov.kz 13.07.2023 15:30 872

Пара-атлетика және триатлон бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, мүгедектер арбасында жүгіруден Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) марафонының жеңімпазы Оксана Лим диплом алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, түлектерге диплом тапсыру рәсімі өткен. Білім ошағының 800-ге жуық түлегі ұстаздық біліктілігін растайтын дипломға ие болды. Олардың арасында Оксана Лим бар.

Мен психология бойынша бакалавр дәрежесін алып, мүмкіндігі шектеулі спортшылармен спорт психологі болып жұмыс істеуді жоспарлап отырмын, - дейді ол.

Оксана Лимнің кураторы – Өнер және спорт жоғары мектебінің эксперт- оқытушысы Ольга Чернышова. Сондай-ақ, Павлодар қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Вячеслав Дубинин Андреевич жаттықтырады.

Ол спорттық мансабын 2005 жылы жеңіл атлетикадан бастаған. Қоржынында облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың көптеген алтын медальдары бар. Спорттың бірнеше түрінен халықаралық дәрежедегі шебер.

2017 жылға дейін мүгедектер арбасындағы халықаралық жарыстарда бақ сынады. 2018 жылдан бастап триатлонға ауысты: ядро, диск және найза лақтыру. Биыл Алматыда өткен Паралимпиада ойындарында да сәтті өнер көрсетіп, бірден үш «алтынды» жеңіп алды.

Сонымен қатар, спортшы 2009-2018 жылдар аралығында мүгедектер арбасындағы бимен айналысқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға