Жаңалықтар

Пара дзюдодан Азия чемпионаты: қоржынымызда төрт медаль бар

Пара дзюдодан Азия чемпионаты: қоржынымызда төрт медаль бар
Фото: t.me/askhat_oralov_online 28.04.2023 20:10 1136

Астанада өтіп жатқан пара дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы күнінде қоржынымызға төрт медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін J2 санатында Даяна Федосова (57 кг) мен 73 келіге дейінгі салмақта (J1) санатында өнер көрсеткен Ерғали Шамей Азия чемпионы атанып, Ақмарал Науатбек (48 келі) күміс медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Ал Олжас Оразалыұлы қоржынға қола медаль салды. Жүлделерді табыстау рәсіміне мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысты.

Ауқымды турнир елордада құрлықтың 11 елінен ондаған спортшыны жинады. Бұл отандық параспорт үшін өте маңызды оқиға, өйткені біздің дзюдошылар Азия чемпионатының медальдары үшін ғана емес, Париждегі Паралимпиадада өнер көрсету мүмкіндігі үшін де таласады, – деді ол.

Сондай-ақ қос пара дзюдошы Ақмарал Науатбек пен Ерғали Шамейге ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері құрметті атағы табысталды.

Пара дзюдодан Азия чемпионаты 30 сәуірге дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға