Жаңалықтар

Пара-атлет Дастан Ордабай тұңғыш азиялық аутист спортшы атанды

Пара-атлет Дастан Ордабай тұңғыш азиялық аутист спортшы атанды
Фото: Туризм жəне спорт министрлігі 09.01.2024 11:31 944

2-8 қаңтар аралығында Аустралия мемлекетіндегі Балларат қаласында Әлемдік жарыс - Virtus Cycling World Series 2024 өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аустралияның велоспорт Федерациясының (AusCycling)  және Sport Inclusion Australia-ның бірігуімен бүкіл әлемнің мықты велосипедшілері жиналды. Para cycling  чемпионаты World Cycling Series-ке кіреді, оған 62 пара – атлет қатысты. UCI Para-cycling класстары дене, көз, интеллектуалды бұзушылықтары бар, сондай-ақ  есту бұзушылықтары бар спортшылар үшін ашық.

Қазақстаннан аутистік спектр ерекшелігі бар «Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған  спорт федерациясы» РҚБ-нің  пара - атлеті Дастан Ордабай ұсынылды. Дастан ii-3 (зердесі зақымдалған) санат бойынша   18,8 км  қашықтықтағы жеке жарыста уақытқа (Time trial) және 5,5 км қашықтықта критериумге (Criterium)  қатысты.

«Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған  спорт федерациясы» РҚБ-нің  Президенті  Дина Темиргалиева «Дастан Ордабай  өз еліне екі алтын жеңіп, тұңғыш азиялық аутист спортшы атанып, Қазақстан тарихына өз үлесін  қалдырды» деп атап өтті.

Жарыс Аустралияның Virtus мүшесі болып табылатын Аустралияның велоспорт Федерациясымен  (AusCycling)  және Sport Inclusion Australia бірлесіп ұйымдастырылды, сондай-ақ, UCI бақылауымен және жетекшілігімен өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға