Жаңалықтар

Пара алған судья 5 жылға сотталды

Ал пара беруге оқталғаны үшін ЖШС басшысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды
Пара алған судья 5 жылға сотталды
Фото: egemen.kz 22.12.2022 20:53 2040

Талдықорғанда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына сот үкімі шықты. Сотталушы 1,5 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Судья адвокат А.Тазабеков және азамат Ж.Жанпейісов арқылы "Good Zhem" ЖШС басшысы А.Пактан азаматтық іс бойынша оң шешім үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алған. Бұл туралы Жетісу облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ресми сайтында жарияланды.

Талдықорған қалалық сотының үкімімен судья 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Ал пара беруге оқталғаны үшін ЖШС басшысы мемлекеттік қызметте және коммерциялық ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Адвокат пен азамат Ж.Жанпейісов делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Алайда 2021 жылдың 7 желтоқсандағы № 81-VII ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау актісі негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды", — делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға