«Папа, Ханторыны құтқар». Жылқысы суға кеткен балаға кәсіпкерлер ат мінгізді

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
12.04.2024 11:08
2849
Әлеуметтік желіде кішкентай бүлдіршіннің әкесіне жылқысы «Ханторыны құтқар!» деп жалынған сөзі тарап кеткен еді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазбада баланың атасы көзіне жас алып, бәйгеде шабатын ат екенін, немересіне тиесілі екенін айтады. Көп ұзамай, кәсіпкерлер әкесі мен баласын арнайы шақырып, тосын сый жасап, ат мінгізді.
Бұл игі іске «Бәрекелді!», «Нағыз азамат», «Шүкір, осындай азаматтар барына», «Қазаққа жаны ашитын қазақ қана», «Болатын баланың бетін қақпа, белін бу деген осындайдан шыққан шығар» деп, оқырман қауым жылы лебізін білдіріп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ТЖМ: 9 миллион текше метр еріген қар суы сорылды
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды