Жаңалықтар

Пәкістанда террорлық шабуылдан 9 адам қаза тапты

10 адам түрлі дене жарақатын алған
Пәкістанда террорлық шабуылдан 9 адам қаза тапты
Фото: nikvesti.com 07.03.2023 03:25 885

Пәкістанның оңтүстік-батысында жанкешті жасаған террорлық шабуылдан 9 адам қаза тауып, 10-ы жараланды, деп хабарлайды El.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Құрбан болғандардың барлығы - қауіпсіздік күшінің қызметкерлері. Жанкешті елдің оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында көлікті жарғанда, тағы 10 адамды жаралады.

Оқиға Болан ауданында болған, жанкешті жарылғыш зат қойылған мотоциклімен полицияның жүк көлігіне әдейі келіп соғылған.

22 әскери қызметші отырған жүк көлігіне қылмыскер эстакада маңында оқ жаудырған. Оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды, - деді аудандық полиция қызметкері Юсуф Карим Бхангар.

Айтуынша, оқиға қаупі туралы алдын ала ескертілген. Сиби және Болан аудандарында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенімен, қылмыскер қаланың шетінде жоспарын іске асырып үлгеріпті.  

Қайғылы жағдайға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаралылар жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі хал үстінде.

Әзірге бірде-бір топ шабуылды мойындарына алған жоқ.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға