Жаңалықтар

Пәкістан Үндістанға қарсы соғыс шарттарын атады

Пәкістан Үндістанға қарсы соғыс  шарттарын атады
Фото: Риа Новости 27.04.2025 11:30 318

Пәкістан Үндістанға қарсы әскери қақтығысқа бармайды. Бірақ Үндістан тарапынан қандай да бар ушығу жағдайы болса, Үндістан сәйкесінше жауап береді. Бұл туралы Үндістанның Қорғаныс министрі Хаваджа Асиф Риа Новостиге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз ешқандай әрекетті бастау ниетінде емеспіз. Алайда егер Үндістан тарапынан қандай да бір іс-әрекет болса, онда оған жауап қайтарылады және жауап тиісті деңгейде болады. Сондықтан біз ахуалды ушықтыруды немесе қандай да бір бастаманы қаламаймыз. Егер Үндістан Пәкістанға басып кірмек болса немесе шабуыл жасаса, олар одан да қатты жауапқа тап болады, – деді ол.

Айта кетсек, сейсенбі күні Джамму және Кашмир аймағындағы Пахалгам қаласы маңында лаңкестік әрекет болып, салдарынан 26 адам қаза тапты. Оқиға Үндістан мен Пәкістан арасындағы жаңа дағдарысты өршітті. Шабуыл үшін жауапкершілікті "Лашкар-и-Тайба"* лаңкестік ұйымымен байланысты "Қарсылық майданы" тобы өз мойнына алды.

Шабуылға жауап ретінде Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди төрағалық еткен Министрлер кабинеті қауіпсіздік комитеті бірнеше шара қабылдады: Үндістан мен Пәкістан елшіліктеріндегі қызметкерлер санын 55-тен 30-ға дейін қысқарту, Инд өзені су ресурстары туралы келісімнің күшін тоқтату және жалғыз жұмыс істеп тұрған Вагах-Аттари шекаралық өткізу пунктін жабу шешімін қабылдады.

Нью-Дели бұл өткел арқылы кірген пәкістандықтарға 1 мамырға дейін елден кетуді талап етті. Сонымен қатар Үндістан билігі Оңтүстік Азияның аймақтық ынтымақтастық қауымдастығы аясында виза алудан босату жүйесі арқылы келген Пәкістан азаматтарының кіруіне тыйым салды. Бұрын кіргендерге Үндістанды тастап шығуға 48 сағат уақыт берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға