Жаңалықтар

Пайданушыларды күйзеліске түсіретін әлеуметтік желілер анықталды

1500 әлеуметтік желі белсендісінің арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы.
Пайданушыларды күйзеліске түсіретін әлеуметтік желілер анықталды
12.07.2017 14:43 5134

Instagram, Snapchat, Facebook, Twitter және YouTube сияқты танымал әлеуметтік желілер адамның көңіл-күйіне әсер етіп қана қоймай, мазасыздығын арттырып, дәрменсіздік сезімін тудырады.

Ұлыбританияның RSPH ұйымының 14 пен 24 жас аралығындағы 1500 жасөсіпірімнің арасында жүргізген сауалнамасының нәтижесінде осындай қорытынды шығарылды.

Олар жастарға ең танымал онлайн-платформаларды  мазасыздық, күйзеліс, жалғыздық, аңду, тіл тигізіп қорлау сынды параметрлері бойынша бағалап шығуды сұраған.

Аталған әлеуметтік желілердің ішіндегі жастарға ең кері әсер ететін  Instagram, одан кейін Snapchat, Facebook және Twitter. Ал ең ешкімге зияны жоқ әлеуметтік желі ретінде YouTube таңдалған екен.

Карольдік денсаулық сақтау қоғамының (RSPH) басшысы, Ширли Крамердің айтуынша:

- Контенті тек фотосуреттерден тұратын Instagram мен Snapchat-тың психикалық денсаулыққа кері әсерін тигізетіндігін анықтау біз үшін қызық жағдай болды. Шындығында да жасөспірімдер аталған екі әлеуметтік желіден көргендерінен саналарында өздеріне деген сенімсіздік, бақытсыздық сезімдері туатын болып тұр ғой, - деді.

Жалпы, әлеуметтік желілерді зиян екендігі бұрыннан айтылып келеді. 2016 жылы австриялық Жаңа оңтүстік Уэльс Университетінің зерттеушілері осыған ұқсас тұжырымдама жасаған болатын. Ол кезде де күйзеліске ұшырататын платформа ретінде Instagram мен Snapchat танылған. Алайда, бұл жолғы әлеуметтік зерттеуден бір айырмашылығы ол кезде сауалнама тек қыз-келіншектер мен әйелдер арасында жүргізілгендігінде.

 

Дайындаған: А.МАРАТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға