Жаңалықтар

Пайдалы сусындар: 6 түрлі рецепт

Мінсіз мәзір
Пайдалы сусындар: 6 түрлі рецепт
19.06.2017 17:37 12307

Жаздың аптап ыстығында шөлді тез басып қана қоймай, ағзаңызды дәруменге байытатын сусындарды үй жағдайында-ақ оп-оңай әзірлеуге болады. Еліміздің көпшілік өңірлерінде соңғы бірнеше күнде анамальды ыстық ауа-райы сақталуда. Қазгидрометтің мәліметінше,  анамальды ыстық ауа-райы, оңтүстік, орталық және шығыс облыстарға орныққан. Ыстық ауа-райы оңтүстік және оңтүстік шығыста әлі де сақталады, ауа температурасы нормадан 5-8ºС жоғары болады. Олай болса, назарларыңызға үй жағдайында әзірлеуге болатын топ 6 сусынның рецептін ұсынамыз.

Құлпынай, лайм, қияр

Ол үшін:

  • 1 стакан туралған құлпынай
  • 1 стакан туралған қияр
  • 2 лайм
  • 1/4 стакан жалбыз
  • Фильтрден өткен таза су
  • Мұз

Әзірлеу әдісі:

Шыны құтыға мұз бен лайм, құлпынай және қиярды саламыз. Жалбыз жапырақтарын ұнтақтап, ыдысқа саламыз. Үстіне таза суды құямыз. Жеміс-жидектің дәмі шығу үшін, 1 сағаттай тоңазтқышқа салқындатып салып қойсаңыз, дәмі тіл үйіреді.

Құлпынай, лимон және райхан (базилик)

Ол үшін:

  • Екіге бөлінген 4-6 құлпынай жидегі
  • Лимон
  • Балғын райхан
  • Фильтрден өткен таза су
  • Мұз

Әзірлеу әдісі:

Құмыраны мұз бен жеміс-жидекке толтырамыз. Райхан жапырақтарын ұнтақтап, құмыраға саламыз. (жұпар иіс беру үшін). Үстіне салқын суды құйып, 1 сағатқа қоямыз. Егер уақыт тығыз болса, жеміс-жидектектің сөлі бөліну үшін, шанышқымен басуға болады.  

Қаражидек пен апельсин

Ол үшін:

  • Жапырақтап туралған 2 апельсин
  • Бір уыс қаражидек
  • Фильтрден өткен таза су
  • Мұз

Әзірлеу әдісі:

Барлық ингредиенттерді құмыраға салып, үстіне су құйып, 2-24 сағат тоңазытқышқа қоямыз. Қаражидектің сөлі бөлінсін десеңіз араластырып, езуге болады.

Қарбыз бен жалбыз

Ол үшін:

  • Ұсақталып туралған 500 г қарбыз
  • Жалбыз жапырақтары
  • Фильтрден өткен таза су
  • Мұз

Әзірлеу әдісі:

Қарбыз бен жалбызды, мұзды құмыраға салып, үстіне су құямыз. Тоңазытқышқа 2-8 сағатқа қоямыз. Қарбыздың дәмі көбірек болсын десеңіз қарбыз бен жалбыздың мөлшерін ұлғайтуға болады.

Киви және қияр

Ол үшін:

  • 6 қабығы аршылған киви
  • 1 қабығы аршылған қияр
  • Қалауыңызға қарай қант
  • сахар по вкусу
  • Фильтрден өткен таза су
  • Мұз

Әзірлеу әдісі:

Блендердің көмегімен киви мен қиярға екі стақан су қосып, біркелкі массаға айналғанша үгеміз. Үстіне су құып, қант саламыз. Осы массаны құмыраға құйып, үстіне тағы 4 стақан су құямыз. Үстіне мұз салып, ішуге ұсынарда киви бөлшектерімен әсемдеуге болады.

Қауын, лайм және таңқурай

Ол үшін:

  • 1 қауын
  • 1/2 стақана қант
  • 5 лайм
  • 1 стақан таңқурай
  • Фильтрден өткен таза су
  • Мұз

Әзірлеу әдісі:

Қауынды екіге бөліп, ұрығын қасықпен тазалаймыз. Қабығын аршып, бөлшектеп кесеміз. Қауынды блендердің көмегімен еземіз. Сүзгіш арқылы шырынын сүзіп аламыз. Шырынды құмыраға құйып, үстіне 4 стақан су құямыз.  

Лаймды қысып, шырынын аламыз. Оған қант қосып, толық ерігенше күтеміз. Лайм шырынын құмырадағы қауын шырынына қосып, үстіне таңқурай жидегі мен мұз саламыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға