Жаңалықтар

П.И. Гончар және Г.М. Губарьков

Гончар Павел Иванович 1905 жылы Чернигов облысындағы Смолянка селосында туған. 1907 жылы ата­аналарымен бірге Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауданы Семиполка селосына көшіп келеді.
03.09.2014 11:36 2663

Гончар Павел Иванович 1905 жылы Чернигов облысындағы Смолянка селосында туған. 1907 жылы ата­аналарымен бірге Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауданы Семиполка селосына көшіп келеді. 1935 жылы ол тракторшы болды, ал бес жылдан кейін колхозшылар оны ауыл шаруашылығы артелінің төрағасы етіп сайлап алады. 1941 жылы 16 шілдеде Павел Иванович әскер қатарына алынады. Оны солтүстікқазақстандықтардан құрылған 314­атқыштар дивизиясына жібереді. 1942 жылы 21 сәуірде алдыңғы шепті минадан тазарту жөніндегі тапсырманы орындау кезінде Павел Иванович біздің «КВ» ауыр танкісін басып алмақшы болған және қорғанысты бұзбақшы болған жау солдаттарын көреді. Осы кезге дейін пулеметтен атып көрмеген ол танктен пулеметті алып, екі минуттың ішінде оның құрылысымен танысып алды. 2 ротаға жуық белофиндер өзіне жақындағанда Павел Гончар бүлк етпеді. 40 метрге дейін өзіне жақындатып Отанымыздың жауларын нысанаға тақап қойып атқылады. Ұрыс даласында 25 адамы өліп, 50 шақтысы жараланып, қарсыластар кейін шегінді. Оқтың жарқыншағы Павел Гончардың бас киімі мен шалбарын тескенмен, өзі аман­сау қалды.

Артиллериялық дайындықтан кейін жау жағы тағы шабуылға шықты, бірақ біздің  батырды  жеңе  алмады. Ұрыс даласында 30­ы өліп, 70­і жараланып, немістердің екінші шабуылы да жеңіспен аяқталды. Осы шайқас үшін П. Гончарға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Синявский биіктігін аларда төніп тұрған жаудың оғына қарамастан, ержүрек сапер 212 неміс минасын тауып, жарамсыз етті. 1943 жылдың 12 қаңтарында ерлікпен қаза тапты. Синявский биігінде бауырластар зиратына қойылған бес метрлік обелискіге (ескерткіш) мемориалдық тақтаға Павел Иванович Гончардың есімі алтын әріппен жазылған.

«Семипольский» кеңшарында оның балалары, әйелі, туыстары тұрады. Қайтқаннан кейін ол Ленин орденімен, Кеңес Одағы Батырының «Алтын Жұлдызымен» және медальдармен марапатталған.

 Губарьков Григорий Максимович 1926 жылы 1 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Володар (қазіргі Айыртау) ауданындағы Качиловка селосында туған. 7­сыныпты бітіргеннен кейін Өзбекстанға №2 Жизақ МТС­нде жүргізуші болып істейді. 1943 жылы қарашада Қызыл Армия қатарына алынған. Мотоатқыштар батальонының (Белорус майданы) пулеметшісі, гвардияшы, қатардағы жауынгер Г.М.Губарьков 1945 жылдың 21 қаңтарында жаудың боратқан оғына қарамастан алғашқылардың бірі болып жаудың қорғанысын бұзып, Иновроцлав қаласын (Польша) фашистерден босатты. Жау контршабуылына тойтарыс беру кезінде жараланса да, ұрыс алаңынан кетпеді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен Григорий Максимович Губарьковке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін ол армиядағы қызметін жалғастырды, тек 1951 жылы запасқа шықты. Жизақ қаласына келіп,  алдымен  ұжымшарда, кейін кеңшарда жұмыс істеді. Соңғы жылдары Запорожье қаласына қоныс аударды. Ленин, 1­дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға