Жаңалықтар

«Өзін атып жіберген». Оралдық полицейдің жағдайы ауыр

«Өзін атып жіберген». Оралдық полицейдің жағдайы ауыр
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 24.06.2024 16:52 590

БҚО полиция департаментінде оқ жарақатын алған полиция қызметкері жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  Алдын ала ақпарат бойынша, ол өзін кездейсоқ атып жіберген. 

Департамент мәліметіне қарағанда, полиция қызметкері жансақтау бөлімінде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, бүгін сағат 07.41-де Пугачев көшесі 45-мекенжайда орналасқан полиция департаментінің бақылау пункті ғимаратында оқ жарақатын алған адамнан қан кетіп жатқаны жөнінде шақырту түскен. 

Жедел медициналық жәрдем бригадасы 2003 жылғы жігітті облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Науқасқа шұғыл түрде ота жасалды. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр, - деп делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға