Өзгерістер халық үшін пайдалы болады деген сенімдеміз - байқаушылар
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында спикерлер демократиялық процесті талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан қысқа мерзімде жедел дамып кетті. Мәдениеті мен дәстүрін сақтап қалған елдің халқы да өте белсенді. Бірнеше рет байқаушы болып келгендегі байқағаным Қазақстанда сайлау процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Бүгінгі сайлау демократияға жасалған екінші нық қадам деп есептеуге болады. Орын алып жатқан өзгерістер халық үшін пайдалы болады деген сенімдеміз, - дейді Мажарстан мемлекеттік жиналысының депутаты Шандор Ковач.
Байқаушылар Қазақстан Орталық Азияның ірі мемлекетінің бірі екендігін атап өтіп, сайлаудан кейін экономикалық өсім күтілуде дейді.
Жеңімпаздар ел үшін адал қызмет етеді деп сенеміз. Олар бизнеске жаңа деп береді деп күтілуде. Инвесторлар көптеп тартылып, заманауи Қазақстан тағы да өзгеріске ұшырайды, - дейді Словак Республикасы халық радасының депутаты Перет Кмец.