Жаңалықтар

Өзге ұлттың жігітінен бақытын тапқан Толқын Забирова жан сырын ақтарды

Өзге ұлттың жігітінен бақытын тапқан Толқын Забирова жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/tolkynzabirova 25.12.2023 12:00 8567

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Толқын Забирова жұбайы Сафар Бабаевпен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші Сафар Бабаев "Қазақконцерттің" басшысы болғанда халықтың сүйіспеншілігіне бөленген жандарды сахнаға алып шыққанын атап өтті. 

Бірде түнгі 23.45-те Сафар Бабаевтың өзі телефон шалды. "Сафар Бабаевтың өзі маған хабарласып тұр ма?" деп не отырарымды, не тұрарымды білмей, не істерімді білмей қалдым. Ол менен "Ертең таңғы сегізде біз ұшаққа баруымыз керек, Атырау жаққа гастрольмен, уақытың бар ма?" деп сұрады. Не айтарымды білмей, "әрине бар" дедім. Біз "Тамашамен" бардық. Әртістер концерттен кейін ұшып кетуі керек еді. Бәрімізге бүтін билет болмай, мен қалдым және тағы бір билет жоқ болып тұр. Сафар "ешқандай жұмыстарым жоқ, администратор ретінде өзімнің мойныма алуым керек" деп, ол да қалды. Сөйтіп, біз қалдық. Алла тағала бізді әдейілеп асықпай әңгімелессін, таныссын деп отырғызып қойған шығар. Алматыға бес күн өткеннен кейін ғана келдік қой деймін, - деді әнші "Алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында.

Өнер иесінің туыстары жұбайының басқа ұлт өкілі болғанын қалай қабылдағанын айтты.

Жоқ, қарсы болмады. Әжем бірден "ұлты қазақ болмағанымен, қазақтың өнеріне қаншама үлес қосып отыр" деді. Ол әке-шешесінен ерте айырылды. 1,5 жаста Меркеде туып өскен бала ғой. Балалар үйінде тәрбиеленіп өскен, - деді өнер иесі.

Сондай-ақ әнші бес жыл бойы бала күткенін де атап өтті. Өнер иелерінің отбасын құрғанына 26 жыл толған. Қазір 3 ұл тәрбиелеп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға