«ӨзенМұнайГаз» кәсіподақ төрағасы жемқорлық үшін сотталды

Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
31.10.2023 21:06
804
Кәсіподақ төрағасы пара бермек болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен «ӨзенМұнайГаз» АҚ №2 ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының кәсіподақ төрағасы Қ. Мамаевқа 1,5 млн теңге көлемінде пара беруге және алаяқтық жасауға итермелегені үшін 30 млн теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, судьяда, жергілікті өзін-өзі басқару лауазымдарын атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бөлісу:
