Өзбекстанның ең сұлу балуан қызы Олимпиадаға жолдамасыз қалды

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz
11.05.2024 22:34
5851
Өзбекстандық балуан Лайлохон Собирова 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп ала алмады, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Түркияның Стамбул қаласында өткен лицензиялық турнирде өзбекстандық спортшы 57 келіге дейінгі салмақтағы шешуші белдесуде бразилиялық Жулия Оливейрадан жеңіліп қалды.
Олимпиада лицензиясы үшін өткен екінші жекпе-жекте ресейлік спортшы Ольга Хорошавцева Украина өкілі Алина Грушина-Акобиадан мықтырақ болды.
Айта кетейік, Лайлохон Собирова Өзбекстандағы ең әдемі балуандардың бірі болып саналады. 21 жастағы спортшының Instagram желісінде 179 мың жазылушысы бар.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Таразда пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт болды