Жаңалықтар

Өзбекстаннан қырыққабатты 130 теңгеден алатын болдық - Жұманғарин

Өзбекстаннан қырыққабатты 130 теңгеден алатын болдық - Жұманғарин
Фото: © Pixabay.com 02.05.2023 11:31 779

Ішкі нарықтың жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін мамыр-маусым айларында ерте импортталған көкөністерді жеткізу мәселесі пысықталып жатыр. Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, отандық тауар өндірушіні қолдау мақсатында өзбек қырыққабатын сатып алудан бас тартқан.

Біз «Uzkaztrade» компаниясымен бірлесіп жеткізумен бірге құны келісіне 130 теңге тұратын қырыққабатты Өзбекстаннан сатып алу мәселесі пысықтадық. Сонымен қатар Түркістан облысының фермерлерінде ерте піскен қырыққабат аталған бағамен қазіргі танда сатуына байланысты біз отандық тауар өндірушіні қолдау мақсатында өзбек қырыққабатын сатып алудан бас тарттық. Алдағы уақытта ерте пісетін қырыққыбаттың бағасы мамыр айында төмендейді, – деді министр Серік Жұманғарин

Сондай-ақ шенеунік нарықты ерте пісетін картоппен қамтамасыз ету үшін Пәкістан мен Өзбекстаннан жеткізу мәселесі пысықталып жатқанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға