Жаңалықтар

Өзбекстандықтар Құрбан айт мерекесінде 4 күн демалады

Өзбекстандықтар Құрбан айт мерекесінде 4 күн демалады
Фото: © Unplash 12.06.2024 10:37 2639

Өзбекстанда Құрбан айт мерекесі 16 маусымда басталады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Соған орай, ел тұрғындары 4 күн қатарынан демалады. Құрбан айттың бірінші күні – 16 маусым жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс дүйсенбі – 17 маусымға ауыстырылады. Оған қоса, Өзбекстан президентінің 2024 жылы ресми даталарды мерекелеу кезіндегі қосымша демалыс күндерін белгілеу туралы 2023 жылы желтоқсанда қабылданған жарлығына сәйкес, 17 маусым қосымша демалыс күні болып есептеледі. 

Осылайша, өзбекстандықтар 15-18 маусым аралығында демалады.

Ал Қазақстанда Құрбан айт мерекесіне орай демалыс берілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға