Өзбекстандықтар Джо Байденді сотқа берді
35 өзбекстандық АҚШ президенті Джо Байденді сотқа берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған олардың қамалуы себеп. Жауаптылар арасында президенттен бөлек ішкі қауіпсіздік департаментінің хатшысы Алехандро Майоркас, көші-қон және кедендік бақылау жөніндегі директордың міндетін атқарушы Патрик Лейкхейтнер және басқалары бар.
Өзбекстандықтар ұлты бойынша кемсітушілікке байланысты қамауға алуды заңсыз деп тануды, сондай-ақ адвокаттардың шығындарын өтеуді сұрайды.
Демалыс күндері біз сотқа жүгіндік, қазіргі уақытта ол қаралуда. Келесі кезеңде үкімет оны қабылдауы керек, сот оны жүйеге енгізді. Енді біз судья тағайындалады деп күтеміз, - деді адвокат Абадир Барре.
Сондай-ақ құжатта өзбекстандықтар талаптарға сай келмейтін тергеу изоляторларында отырғаны және олардың адвокатқа баруы шектелгені көрсетілген.
Ал жергілікті БАҚ бұл адамдардың АҚШ-қа жеткенше жүріп өткен жолы күдік тудырғанын жазуда. Себебі осы бағытты террористер жиі қолданады екен.